«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ҰКП) басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов ОКҚ-да өткен брифинг барысында Өзбекстанға малды белсенді әкету мәселесін шешудің қажеттігі туралы айтты.
2019 жылы Өзбекстанға экспортқа 156 мың ірі қара мал және 260 мың бас қой жөнелтілген. Мырзахметов осындай статистика келтірді.
«Осы орайда, атап айтарлығы, біздің өзіміздегі 15 ұқсату кісіпорындарының жүктемесі тек 45%-ды ғана құрайды. Біз Өзбекстанның шикізаттық қосымшасына айналып бара жатырмыз. Сонда біз артынан өз малымызды Өзбекстаннан қайта сатып алу үшін, фермерлерге субсидия беріп, мал шаруашылығын дамытып жатырмыз ба? Назар аударсаңыздар, ол жақтан біз ет консервілері мен шұжықтар сатып аламыз. Көңілге қонбайтын іс қой бұл», – деді ашуланған ол.
Мырзахметовтың айтуынша, орын алған жағдайға көршілеріміздің малға неғұрлым қымбат баға ұсынуы себеп болып отыр.
«Мәселенің мәнісін анықтадық. Сөйтсек, өзбек тарабы малды 100 немесе 200 теңгеге (бір бас үшін) қымбат сатып алады екен. Ендеше, ондай ынталандыруды өзіміз жасайық. Принциптік тұрғыдан алғанда, біз бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігімен келіскенбіз».
Естеріңізге салсақ, осындай жағдайдың орын алуы салдарынан 2019 жылғы жазда ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі (АШМ) елден аналық ірі қара малды әкетуге тыйым салуға ниетті екенін мәлімдеген болатын..
Желтоқсанда АШМ бұйрығы талқылауға ұсынылған болатын, әзірге оның нәтижелері белгісіз.