Украина бірнеше елден авиаапатты тексеруге көмек көрсетуді өтінді

Жарияланды
Жолаушылар ұшағы 8-қаңтарда Иранда атып құлатылған болатын

Украина Канаданың, Францияның, Швецияның, Германияның, Ұлыбританияның және Иранның құзыретті органдарына осы елдердер өкілдерінің «Украина халықаралық әуе жолдары» авиакомпаниясы PS 0752 PS 0752 рейсінің авиапатын тексеруге қатысу мүмкіндігін қарастыру жөнінде тағы бір өтініш жасады, деп хабарлайды Украина Бас прокуроры Офисінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған  Интерфакс-Казахстан.

«Бас прокурордың Офисі Канаданың, Францияның, Швецияның, Германияның, Ұлыбританияның және Иранның құзыретті органдарына «Украина халықаралық әуе жолдары» авиакомпаниясының Тегеран – Киев бағытындағы PS 0752  рейсін орындаған Boeing 737 ұшағының авиапаты фактісі жөніндегі қылмыстық іс шеңберіндегі ортақ тергеу тобы құрамында  осы елдердердегі құзыретті органдар өкілдерінің тергеу амалдарына қатысу мүмкіндігін қарастыру жөнінде тағы бір өтініш жасады», – делінген хабарламада.  

Бас прокурордың офисінде аталмыш өтініштің Тегеран әуесіндегі апат салдарынан азаматтары қазаға ұшыраған мемлекеттердің сыртқы істер министрлері 2020 жылғы 16-қаңтарда Лондондағы кездесу кезінде қол жеткізген келісімдерін ескере отырып жасалғанын атап өтті. 

«Украина халықаралық әуе жолдары» авиакомпаниясының Boeing 737 ұшағы 8-қаңтарда Тегерандағы әуежайдан аспанға көтерілгеннен кейін, бірнеше минут өткенде апатқа ұшырған болатын. Апат салдарынан 176 адам – Ауғаныстан, Германия, Иран, Канада, Украина, Ұлыбритания және Швеция азаматтары – қаза болған еді. Кейінірек, ұшақты Ираннң атып құлатқаны белгілі болды. Иранның әуе қорғанысының жүйесі ұшақты қанатты зымыранға ұқсатыпты. «Украина халықаралық әуе жолдарының»» ұшағы Ислам революциясы жасақтары корпусы әскери нысанының маңынан ұшып бара жатқан. Бас штабтағылар бұл АҚШ-тың Ирактағы американдық базаларға жасалған зымырандық соққыларға жауап беру мүмкіндігне байланысты «жоғары жауынгерлік дайындық жағдайында» орын алды, деп хабарлады.

 

Сондай-ақ оқыңыз