ҚР Ауылшарушылығы министрлігі тірі малды елден әкетуге тыйым салды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Осы орайда, 2019 жылы елден 156 мың бас ірі қара мал әкетілсе, олардың 121,6 мың басы Өзбекстанға экспортталғаны атап көрсетілген. Сондай-ақ өткен жылы экспортталған 264 мың бастан астам қойдың да 200 мыңнан астамы Өзбекстанға жөнелтілген.
«Артынан ұқсату және қайта сатылымға шығару мақсатында малды жаппай экспортқа шығару, ет өнімдері бағасының алыпсатарлық өсуіне негіз берді. Бұдан бөлек, орын алған жағдай қазақстандық етті ұқсату кәсіпорындарындағы және мал бордақылау орындарындағы жұмыс жүктемесінің төмендеуіне әкеліп соқты. Ортша есеппен алғанда, 2019 жылы олар олар өз қуаттылығының жартысына ғана жұмыспен қамтылды. Олардағы жұмыс жүктілігінің аз болуына, негізінен тірі малды экспортқа шығарудың жоғары деңгейі салдарынан орын алған, шикізат тапшылығы себеп болды», – деліген баспасөз хабарламасында.
Естеріңізге салсақ, бұдан бұрын «Атамекен» ҰКП басшысы Абылай Мырзахметов ҚР Өзбекстанның шикізаттық қосымшасына айналып барады, деп мәлімдеген болатын.