Инвестиция

Қазақстандағы тұрғын үй нарығы 2019 жылы қалай өзгерді

2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда 320 012 сатып алу-сату келісімдері жасалған

Сатып алу-сату келісімдерінің саны 2019 жылы 21%-ға артқан. Жаңа тұрғын үйдің бағасы 6,4%-ға, жәйлі тұрғын үйлерді қайта сату 6,2%-ға, жәйләндырылмаған тұрғын үйлерді сату бағасы 5,7%-ға артқан, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитеті.

Тұрғын үйді сатып алу-сату жөніндегі келісімдер саны 320 212-ні құрап, былтырғы жылғы 264 515 келісімге қарағанда, 21%-ға артқан. 

Келісімдер саны бойынша Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары көш бастап тұр, бұл екі мегаполистің үлесіне Қазақстанда жасалған келісімдер көлемінің , тиісінше, 14% және 12% келеді. Аймақтар арасында келісімдердің өсуі бойынша ТОП-3-ке Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары кіреді, олардың көрсеткіштері, тиісінше, 9%, 8% және 6%-ды құрайды.  

Жеке тұрғын үйлерді сатудың неғұрлым белсенділігі Алматы облысында байқалған, ол барлық сатылған тұрғын үйлер көлемінің 14% құраған. Ал пәтер сату бойынша Алматы көш бастап тұр, мұндағы көрсеткіш көпқабатты тұрғын үйлерде жасалған келісімдер көлемінің  18%-на тең болса, Нұр-Сұлтанда ол 16%-ды, ал Қарағанды облысында 11%-ды құраған.

Қазақстанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы әр шаршы метрі үшін 293 518 теңгеге дейін (+6,4%), жәйлі тұрғын үйлерді қайта сату – 200 379 теңгеге дейін (+6,2%), жәйләндырылмаған тұрғын үйлерді сату әр шаршы метрі үшін 125 034 теңгеге дейін (+5,7%) артқан.

Өткен 10 жылда жаңа тұрғын үйдің әр шаршы метрі бағасының неғұрлым үлкен жылдық өсімі 2015 жылы байқалып, ол 15,8%-ды құраған болатын, ал келесі, 2016 жыл осы он жылдықта бағалар құлаған жалғыз жыл болды, ол кезде тұрғын үй бағасы 3,6%-ға құлаған еді. Ал қайталама нарықтағы баға өсімі бойынша көшбасшы 2014 жыл атанды, ол кезде 12 айдағы бағамы өсімі 17,6%-ға көтерілген-ді, ал бағаның неғұрлым төмен құлдырауы 2017 жылы тіркеліп, ол 1,6%-ды құраған болатын.