Мұрат Айтенов Шымкент әкімі болып тағайындалды

Жарияланды
Ол осы лауазымда болған Ерлан Айтахановты алмастырды

Мұрат Әйтенов Шымкенттің жаңа әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

«Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалсын», – делінген ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.

Қаланың бұрынғы әкімі Ерлан Айтаханов ел басшысының жарғлығмен лауазымынан босатылды.

Айтаханов қала басшы лауазымын 2019 жылғы шілдеден атқарып келген-ді.

Мұрат Әйтенов 1981 жылғы  30-қазанда Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай ауылында дүниеге келген.

2004 жылы Краснодардағы армия генералы С.М. Штеменко атындағы әскери институтты (Ақпаратты қорғауды ұйымдастыру және технологиясы) тәмәмдаған.

2019 жылғы 12-желтоқсаннан Шымент әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарып келді. 

Сондай-ақ оқыңыз