Мұрат Әйтенов Шымкенттің жаңа әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
«Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалсын», – делінген ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.
Қаланың бұрынғы әкімі Ерлан Айтаханов ел басшысының жарғлығмен лауазымынан босатылды.
Айтаханов қала басшы лауазымын 2019 жылғы шілдеден атқарып келген-ді.
Мұрат Әйтенов 1981 жылғы 30-қазанда Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай ауылында дүниеге келген.
2004 жылы Краснодардағы армия генералы С.М. Штеменко атындағы әскери институтты (Ақпаратты қорғауды ұйымдастыру және технологиясы) тәмәмдаған.
2019 жылғы 12-желтоқсаннан Шымент әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарып келді.