«Самұрық-Қазына» қоры үкіметке 190 млрд теңге дивидент төледі

Жарияланды 22 Қаңтар 2020 11:45

2019 жыл қорытындысы бойынша Қор компаниялар тобы бойынша 922 млрд теңге көлемінде операциялық пайда (NOPLAT) тапты, бұл жоспарлы көрсеткіштен 20,5%-ға немесе 157 млрд теңгеге артық. Таза табыс 1 256 млрд теңгені құрады, бұл жоспардан 38%-ға артық, делінген қордың ресми хабарламасында. 

«Самұрық-Қазына» АҚ тобының борыштық жүктемесі 2017 жылдан  бері 1 трлн теңгеге азайса, ал сыртқы қарыз 5,1 млрд АҚШ долларға төмендеген.  Жыл қорытындысы бойынша, акционерге (үкіметке) түскен дивидендт көлемі 189 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш алдыңғы кезеңмен салыстырғанда, 2 есе көп. 

«Эйр Астана» АҚ жолаушылар тасымалы 2018 жылмен салыстырғанда 17% -ға өссе, «ҚазМұнайГаз» ҰК »АҚ таза кірісі 39%-ға артқан. «ҚТЖ» ҰК» АҚ операциялық кірісі 2018 жылмен салыстырғанда 35% -ға артты», – делінген хабарламада.

2019 жылдың қорытындысы бойынша Қор компаниялары тобы бюджетке салық 1,2 трлн теңгеден аса салық төлеген, бұл елдің жиынтық бюджетіне түсетін түсімнің 10%-ын құрайды.

Қор өкілдерінің айтуынша, ашық тендер және баға ұсыныстарын сұрату әдістерінің үлесін арттыру арқылы сатып алудың жаңа моделіне көшу есепті кезеңде 155 млрд.теңге үнемдеуге ықпал еткен.

Сондай-ақ оқыңыз