Jýsan Bank 2019 жылы 35 млрд теңге пайда тапты

Жарияланды
Банк жылдық қызметінің алдын ала нәтижелерін шығарды

Jýsan Bank  2019 қаржы жылын 35 млрд теңге көлеміндегі пайдамен аяқтап, қазақстандық екінші деңгейлі банктер арасында меншікті капитал көлемі бойынша екінші орынға шықты, деп хабарлайды банктің баспасөз-қызметі. 

2020 жылдың басында Jýsan Bank-тің меншікті капиталы 344 млрд теңгені (2019 жылдың басында 215 млрд теңге) құрап, 60%-ға артты. Бұл –қазақстандық банк секторындағы екінші көрсеткіш, оның ЕДБ арасындағы меншікті капиталдың, шамамен, 9,3% Jýsan Bank-ке тиесілі. 2019 жылдың басында банк меншікті капиталының мөлшері, шамамен, 215 млрд теңге болды.

Банк активтері 2020 жылдың 1 қаңтарында 1 330 млрд теңгені құрады. Ондағы 2020 жылдың басында реттеушінің 0,3 нормативіндегі банктің ағымдағы өтімділік коэффициенті (k4) 7,133 деңгейінде болды. Осылайша, банктің ағымдағы өтімділігі көрсеткіштері ең төменгі талаптардан 23 есе асып, Қазақстанның ірі он банкі арасында ең жоғары көрсеткішке ие болды.

2019 жылдың басында банктің несие портфелі 846 млрд теңгені, ал провизиялардың жалпы мөлшері 603 млрд теңгені (71%) құрады, бұл ағымдағы NPL-ді 326 млрд теңгеге (портфельдің 38%), яғни екі есе дерлік жабады.

2020 жылдың басында клиенттердің салымдары 649 млрд теңгені құраса, ондағы 230 млрд теңге компанияларға және 419 млрд теңге жеке тұлғаларға тиесілі.
Келтірілген алдын ала қорытынды мәндері 2019 жылғы банк қызметінің қорытындылары бойынша аудиттелмеген қаржылық есептіліктің нәтижелерінде негізделіп жасалған.

First Heartland Jýsan Bank (бұған дейін – Цеснабанк) Қазақстан қаржы нарығында 1992 жылдан бері қызмет атқарып келеді. 2019 жылдың 12 тамызында S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «First Heartland Jýsan Bank» АҚ (Jýsan Bank) рейтингісі бойынша болжамын «Тұрақты» деңгейінен «Позитивті» деңгейіне көтерді, эмитенттің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингілерін «В-/В» деңгейінде растаған. Сонымен қатар, банктің рейтингісі қазақстандық ұлттық шкала бойынша «kzBB-» деңгейінен «kzBB» деңгейіне дейін көтерілді.

Сондай-ақ оқыңыз