АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Қазақстанға келеді
Жарияланды
Помпеоның сапары 1- және 2-ақпанға жоспарланған
Қазақстан СыртқыІсМинінің басшысы Мұхтар Тілеуберді АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майка Помпеоның 1-2-ақпанда Нұр-Сұлтанға ресми сапармен келетінін растады. Бұл турасында Интерфакс-Казахстан жазған.
«Иә, сапар 1- және 2-ақпанға жоспарланған», – деді Тілеуберді журналистерге жұма күні таңертең Нұр-Сұлтанда.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Помпео Қазақстанға қаңтардың басында сапармен келмекші болған-ды. Алайда Тая Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты сапар кейінге қалдырылды.
Майкл Ричард Помпео – американдық саясаткер. Ол 2018 жылғы 26-сәуірден АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы лауазымын атқарып келеді.