ЕАЭО елдерінен әкелінген көліктер уақытша тіркеуге алынады

Жарияланды
«Тұтыну нарығы» бөлімінің редакторы
Ол 2021 жылғы 1-наурызға дейін жарамды болады

Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен кіргізілген автокөліктерге қатысты пікір білдіріп, оларды уақытша тіркеуді тапсырды.

«Осы мәселені шешу үшін үкімет бір ай ішінде, бір рет, 2020 жылғы 1-ақпандағы  жағдай бойынша, Қазақстан азаматтарының ЕАЭО елдерінен әкелген автокөліктерін уақытша тіркеуді қамтамасыз етуі тиіс. Бұл автокөліктердің тіркеуі 2021 жылғы 1 наурызға дейін күшінде болады. Мұндай көліктер техникалық регламентке сай болуы керек», – деді президент. 

Бұл ретте азаматтар тіркеу жарнасы мен мемлекеттік бажды төлеуі тиіс. 

 «2021 жылғы 1-наурызыға дейін автокөлік иелері баж салығы мен утилизациялық алымды төлеп, көлікті тұрақты тіркеуге қоюы керек. Немесе көлікті елден шығарсын, болмаса, бұл мәселені заңнамамен тыйым салынбаған әдіспен шешуі керек», – деді мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, уақытша тіркеу оны өзгенің атына рәсімдеу, сондай-ақ басқа тұлғаларға пайдалануға беру және иелік ету құқығын бермейді.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы Бас прокуратураға қалыптасқан жағдайға құқықтық баға беруді тасырды. 
 

Сондай-ақ оқыңыз