Тоқаев қазақстандықтар мен экспаттар еңбекақысындағы теңсіздікке жол бермеуді ұсынды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде еібек саласындағы жұмыстың қорытындыларына қызығушылық танытып, қазақстандықтар мен экспатар еңбекақысындағы теңсіздіктерге жол бермеуді ұсынды.
«Сіздің тапсырмаңыз бойынша бас прокуратура жергілікті атқарушы органдармен бірге 96 кәсіпорында тексерулер жүргізіп, көптеген ереже бұзушылықтарды анықтап, 500-ден астам шетелдік азаматтарды елден тысқары шығарды. Өткен жылмен салыстырғанда, біз квота санын (2020 жылы қазақстандық кәсіпорындарға шетелдік еңбеккерлердің жұмысқа орналасуына) 40%-ға азайтып, оны 29 мың адамға дейін қысқарттық. Өткен жылдарда шетелдік жұмысшылардың саны 100 адамнан асатын», – деді мемлекет басшысының сұрағын жауап берген вице-премьер Бердібек Сапарбаев.
Оның айтуынша, шетелдік жұмысшылар еңбек ететін 2 мың кәсіпорында қазақстандық жұмысшылардың үлесі 90%-дан астам.
Вице-премьер шетелдік жұмысшылар еңбек ететін кәсіпорындардың қызметін реттейтін құқық-нормативтік актілерге өзгертулер енгізу жөніндегі құжаттардың дайын екенін хабарлады. Аталмыш өзгерістер парламент мәжілісінің қарауына енгізілген.
«Шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындармен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Біз оларға қазақстандықтарды жұмыс істеуге үйрету бойынша талаптар қойып отырмыз», – деді сөзін нақтылаған Сапарбаев.