Коронавирустың жаңа түрінен туындайтын пневмониядан өткен тәулікте 24 адам қайтыс болып, құрбан болғандардың жалпы саны 80-ге жетті деп хабарлайды Интерфакс агенттігі.
ҚХР мемлекеттік денсаулық сақтау комитетінің деректері бойынша, көз жұмған науқастардың көпшілігі – аурудың таралу ошағы болып тұрған Ухань қаласының, Хубэй провинциясының тұрғындары.
Коронавирусты жұқтырғандардың саны ел бойынша 2 794 адамға жеткен, өткен тәулікте 769 кісінің жаңадан инфекция жұқтырғаны анықталған. Соның ішінде, 2 адам аурудан толық жазылып, ауруханадан шығарылған.
Сонымен қатар, Гонконгте – 8 адам, Макаода –5, Тайваньда 4 адам осы инфекцияны жұқтырғаны анықталып отыр.
ҚХР Мемлекеттік денсаулық сақтау комитетінің мәліметі бойынша, Таиландта 7 адам, Австралия мен Сингапурда – 4, Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия мен Франция, АҚШ-та – 3, Вьетнамда –2, Непалда бір кісі инфекция жұқтырған.