Жаңалықтар

Алматы облысында тағы да жер сілкінді

Тербеліс Текелі қаласында сезілген

«Алматы облысында (Қазақстанның оңтүстік-шығысы) магнитудасы 4,0 баллдық жер сілкінісі болды», деп хабарлайды БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмология тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасаған  «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі . 

Жергілікті уақыт бойынша, дүйсенбі күні кешкі сағат 22:58-де болған жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығыс бағытта 227 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты (жер сілкінісі кезінде босаған сейсмикалық толқындардың энергиясы, әлсіз немесе орташа сілкіністерді бағалау үшін жиі пайдаланылады) 8,7-ні құрады.

Эпицентр координаттары: солтүстік ендікпен – 44.72 градус, шығыс бойлықпен –78.80 градус.

Сеймологтардың ақпараты бойынша, 2 баллдық жер сілкінісі Алматы облысының Текелі қаласында болған.