Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы ұсталды

Жарияланды
Оған жүйелі түрде пара алып отырған деген айып тағылған

Атырау облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. 

Бірінші жағдайда ол қол астындағы қызметкерінің мансабын жоғарылату және өз қамқорлығына алу үшін 10  мың доллар талап етіп, соның 3 мыңын алса, екіншіден жеке кәсіпкерден ешбір салық тексеруінсіз «ЖК-сын» жауып беру үшін 490 мың теңге сұраған. 

«Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды»,– делінген хабарламада.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі оның кінәсінің дәрежесі туралы  соңғы шешімді сот шығаратынын хабарлайды. 
 

Сондай-ақ оқыңыз