Атырау облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Бірінші жағдайда ол қол астындағы қызметкерінің мансабын жоғарылату және өз қамқорлығына алу үшін 10 мың доллар талап етіп, соның 3 мыңын алса, екіншіден жеке кәсіпкерден ешбір салық тексеруінсіз «ЖК-сын» жауып беру үшін 490 мың теңге сұраған.
«Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды»,– делінген хабарламада.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі оның кінәсінің дәрежесі туралы соңғы шешімді сот шығаратынын хабарлайды.