Bek Air билеттердің ақшасын қайтаруға уәде берді
Bek Air рейстердің қозғалыс кестесінен алынып тасталғаны туралы әңгіме қозғап, билеттердің құнын қайтару жөніндегі міндеттемелерін орындайтынын атап өтті.
«Құрметті жолаушылар, сіздерге 2020 жылғы 9-ақпанға (қоса алғанда) дейін жоспарланған рейстердің қозғалыс кестесінен алып тасталынғанын хабарлаймыз.
Билеттердің құнын толық қайтарып алу үшін, билеттерді сатып алған жерге хабарласуларыңызды өтінеміз. Егер билет авиакомпанияның сайты арқылы сатып алынса, онда сіздер ақшаңызды қайтарып алу үшін, сұранымды келесі электродық поштаға жолдай аласыздар: callcenter@bekair.aero», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, авиакомпаниядағылар техникалық қиындықтарға байланысты қазіргі кезде ақшаның қайтарылмай жатқанын хабарлады. Алайда қаржыны қайтару бойынша барлық міндеттемелердің орындалады.
Бұдан бұрын, «Қазақстанның авиация әкімшілігі» (ҚАӘ) Акционерлік қоғамы құқықтық қамтамсыз ету жөніндегі департаментінің директоры Қанат Құлжанов билетке жұмсаған ақшасын қайтарып алуды мақсат тұтқан Bek Air жолаушыларына қайда жүгіну керек екенін айтып берген болатын.
Естеріңізге салсақ, Bek Air авиакомпаниясының Fokker-100 жолаушылар ұшағы 2020 жылғы 27-желтоқсанда (07.22, Алматы – Нұр-Сұлтан бағытындағы №Z2100 рейс) Алматы маңында әуеге көтерілісімен апатқа ұшыраған болатын. Апат салдарынан, 13 адам мерт болды, олардың ішінде, экипаж командирі және екінші пилот бар, 49 адам зардап шекті. Әуе кемесінің бортында 93 жолаушы және экипаждың 5 мүшесі болған.