Еліміздің жас кәсіпкерлері қай саланы таңдайды?

Жарияланды
Жұмыс істеп жүрген жеке кәсіпкерлердің қатары 20 пайызға өскен

2020 жылдың қаңтарына қарай 29 жасқа толмаған 145,7 мың жас кәсіпкер тіркелген, бұл – былтырмен салыстырғанда 13,6 пайызға жоғары. Energyprom.kz зерттеуінде осындай дерек келтіріледі. 

Солардың ішінде 130,8 мың кәсіпкер, яғни 90 пайызы жұмыс істеп тұр. Жылдық өсімі – 19,8 пайыз. 

Предприниматели выбирают.png

29 жасқа дейінгі жастар толық иелік ететін кәсіпорындардың қатары 35 мыңнан асып, өсім 3,5 пайызды құраған. 

Тіркелгендерінің ішінде дәл қазір 28,5 мыңы жұмыс істеп тұр, өсім 6,5 пайызды құраған.

Жас кәсіпкерлерге тиесілі кәсіптің басым бөлігі  сауда-саттық, автокөлік пен мотоцикл жөндеу саласында: 11,5 мың кәсіпорын (жұмыс істеп тұрғандардың 40,4 пайызы). Тағы 4,3 кәсіпкер құрылыс саласында жұмыс істесе, 1,6 мыңы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметпен айналысады. 

Ал мемлекеттік басқару және қорғаныс, әлеуметтік салада жас кәсіпкерлердің қатары аз. 

предприниматели выбирают-2.png

 

Сондай-ақ оқыңыз