Қазақстанның Ресейдегі елшісі тағайындалды

Жарияланды (жаңартылды )
Бұл лауазым Ермек Көшербаевқа бұйырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Көшербаевты Қазақстанның Ресейдегі елшісі лауазымына тағайындады. Бұл турасында мемлект басшысының баспасөз қызметі хабарлайды.

«Көшербаев Ермек Беделбайұлы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалсын», – делінген президент жарлығында.

Сонымен қатар, Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әлібек Әсетұлы Бақаевты Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі, Ватикан Мемлекетіндегі, Қасиетті Иерусалим Иоанны, Родос және Мальтаның Егеменді Әскери Госпитальерлері Орденінің жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындады.

Естеріңізге салсақ, Иманғали Тасмағамбетов зейнет жасына жетуіне байланысты, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшісі лауазымын босатқан болатын. Өткен жылғы 9-желтоқсанда ол 63 жасқа толды. Қазақстан Республикасының РФ-дағы уақытша сенімді өкілі міндеттерін кеңесші-уәкіл Нұржан Қажыақбаров атқарған болатын.
 

Сондай-ақ оқыңыз