Банк пен қаржы

Қырғызстан Қытайдан азық-түлік тасымалдауға тыйым салды

Ел билігі коронавирустан қауіптеніп отыр

Қырғызстан Қытайдан азық-түлік тауарларын тасымалдауға тыйым салды, деп хабарлайды 24.kg.

Бұл туралы  баспасөз-жиыны барасында өсімдіктер карантині депатаментінің директоры Иличбек Марсбекұұлы мәлімдеді.  Шектеу 2020 жылғы 1-ақпанға дейін жалғасады
 

«Бұл шара азық-түлік нарығына әсер ететін болса, онда ауыл шаруашылық министрлігі қажетті өнімді Қырғызстанға басқа жақтан алып келудің жолын табады», – деді ол. 

Инфекцияның таралу қаупі күшейсе, қытайлық ауыл шаруашылық өнімдерін әкелуге салыған тыйымның уақыты ұзартылады. 

Айта кетейік, 24 қаңтарда Қырғызстан билігі Қытайдан ет әкелуге шектеу қойған еді.