ДДСҰ басшысы коронавирусқа бола қатты дүрлікпеуге шақырды

Жарияланды (жаңартылды )
Десе де, індеттің таралу қаупін естен шығармау керек

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус коронавирус эпидемиясына байланысты үрейге бой алдырмауға шақырады. 
 

Осы орайда, «Интерфакс-Украина» агенттігі: «Әзірге бұның бәрі (қауіпті инфекцияның таралуы) кең етек жайған жоқ. Сондықтан үрейге бой алдырмаңыздар», – деп, Гебрейесустың сөзін келтіріп өткен. 

Сонымен қатар, ол «инфекцияның таралу қаупі жоғары екенін естен шығармай, тиімді шараларды қолға алу қажетін» де ескерткен. 

 «Дәл қазір үрейге бой алдыруға еш себеп жоқ», – деп түйіндеді ДДСҰ басшысы. 

Айта кетсек, Қытайда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 400-ден асты. 20 мың адам инфекция жұқтырған. 
 

Сондай-ақ оқыңыз