Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус коронавирус эпидемиясына байланысты үрейге бой алдырмауға шақырады.
Осы орайда, «Интерфакс-Украина» агенттігі: «Әзірге бұның бәрі (қауіпті инфекцияның таралуы) кең етек жайған жоқ. Сондықтан үрейге бой алдырмаңыздар», – деп, Гебрейесустың сөзін келтіріп өткен.
Сонымен қатар, ол «инфекцияның таралу қаупі жоғары екенін естен шығармай, тиімді шараларды қолға алу қажетін» де ескерткен.
«Дәл қазір үрейге бой алдыруға еш себеп жоқ», – деп түйіндеді ДДСҰ басшысы.
Айта кетсек, Қытайда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 400-ден асты. 20 мың адам инфекция жұқтырған.