Кеше кешке Ыстамбұл әуежайында апатқа ұшыраған түрік ұшағының бортында Қазақстанның екі азаматы болған деп хабарлайды еліміздің Ыстамбұлдағы бас консулдығы.
Жарақат алған қазақстандықтар Фатих Султан Мехмет ауруханасына жеткізілген, Бас консулдық зардап шеккен азаматтарға қажетті көмекті көрсетіп жатыр.
Айта кетсек, 5-ақпан күні Ыстамбұлға Измирден ұшқан ұшақ Сабихи Гөкчен атындағы әуежайға қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кеткен. Соңғы деректер бойынша, 157 адам жарақат алып, 1 адам қайтыс болған.