Өзбекстан Қытайдан өз азаматтарын эвакуациялауды аяқтады

Жарияланды
Бүгін ел астанасына үшінші чартерлік рейс келіп қонды

Өзбекстан коронавирус таралуының өршуі салдарынан, Қытайдан өз азаматтарын эвакуациялауды аяқтады, деп хабарлады «Uzbekistan Airways» акционрлік қоғамының баспасөз қызметі.

Бүгін жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат  4.40-та Өзбекстан астанасына Пекиннен чартерлік рейс келіп қонды. Оның бортындағы 251 жолаушы еліне аман-есен жетті. Келген азаматтардың барлығы уақытша орналастыру бекеттеріндегі карантинге орналастырылды. Авиатасымалдаушының баспасөз қызметі хабарлағандай, әр ұшақта биологиялық қауіпсіздік шараларының сақталуын вирусология жөніндегі мамандар қадағалап отырған.

Естеріңізге салсақ, Uzbekistan Airways авиакомпанииясы үкіметтік комиссияның шешімімен 4-ақпаннан 6-ақпанға дейінгі аралықта ел азаматтарын Қытайдан эвакуациялау бойынша үш чартерлік рейс орындады. Авиатасымалдаушы елге 585 өзбекстандықты жеткізді. Олардың барлығы Ташкент облысындағы медицина мекемелеріне 14 күндік карантинге орналастырылған. 

 

Сондай-ақ оқыңыз