Қазақстан Қытаймен почта байланысын уақытша тоқтатты
                    
                                                    Жарияланды 
                                            
                                                                        
                            (жаңартылды )
                            
                                                            
                
                
                                    
                        Сонымен қатар, бір қатар елдерден сәлемдемелер қабылдау да қысқартылды
                    
                            «Қазпочта» Қытаймен почта алмасуды уақытша тоқтатты, деп хабарлады ұйымның жарнама және PR директоры Дилара Зарлықова.
«Почталық алмасуды тоқтату салдарынан, Қазпочта Қытайға,сондай-ақ Қытай арқылы транзитпен жіберілетін жеткізілетін елдерге (Бангладеш, Бруней, Бутан, Бирма, Камбоджа, Малайзия, Монголия, Непал, Лаос, Солтүстік Корея, Тайланд, Шри-Ланка, Филиппиндер, Тайвань) почталық жөнелтілімдердің барлық түрлерін қабылдауды уақытша тоқтатты», – деп жазды Зарлықова Facebook-те.
Естеріңізге салсақ, Қытайда етек жайған коронавирус эдиемиясы өршіп тұр, қазіргі таңда дерт салдарынан 563 адам қаза болды.