ҚХР денсаулық сақтау мемлекеттік комитеті Қытайда тараған қауіпті инфекцияға қатысты жаңа деректерді жариялады. Қазіргі кезде бұл індеттен 908 адам көз жұмған.
Бір тәулік ішінде 3062 кісі инфекция жұқтырып, жалпы саны 40 мыңға жеткен. 632 пациент ауруханадан емделіп шыққан, сауыққандардың саны – 3361 адам.
Бұған дейін Kursiv.kz елімізде коронавирустың алдын алу бойынша атқарылып жатқан шаруалар туралы жазған болатын.