Жаңалықтар

Коронавирустан бір күнде 50 адам қайтыс болды

Инфекция жұқтырғандардың саны – 33,3 мың

Коронавирус эпидемиясы құрбандарының саны 1068 адамға жетті, деп хабарлайды ҚХР Хубей провинциясының гигиена және денсаулық сақтау комитеті. 

33,3 мың  адам инфекция жұқтырса, ресми дерек бойынша, өлім-жітім 3,2 пайыз деп көрсетілген.

Сонымен қатар 77 мыңнан аса тұрғын дәрігерлердің бақылауында болса, 11,2 адам вирус жұқтырды деген қауіппен карантинге алынған.

Айта кетейік, Қазақстанның 300-ден аса азаматы Қытайда қатерлі індеттің таралуына қарамастан, сол елде қалуға ниет білдірген.