Ұлттық банк Қазақстанның 2019 жылғы төлем балансының алдын ала нәтижесін жариялады
Алдын ала есеп бойынша, 2019 жылғы төлем балансының ағымдағы шоты 5,5 млрд АҚШ доллары дефицитімен қалыптасқан. Ұлтты банктің ресми сайтында жариялаған ақпаратта осындай деректер келтіріледі.
Ал 2018 жылы бұл көрсеткіш 51,7 млн долларды құраған. Яғни өткен жылы төлем балансы ағымдағы шотының децифиті бойынша теріс сальдо 106 есе өскен. Ұлттық банктің ақпараты бойынша, оған сауда балансы профицитінің 6,0 млрд долларға (-23,4%), яғни, 19,5 млрд АҚШ долларына дейін төмендеуі себеп болған.
Тауар экспорты 57,4 млрд АҚШ долларына дейін, 4,0%-ға төмендесе, импорт 37,9 млрд АҚШ долларына,10,6%-ға өскен.
Қызметтермен сауда-саттық балансы (-)3,5 млрд АҚШ долларына дейін 24,1%-ға жақсарды, бұл ретте көрсетілетін қызметтердің экспорты 7,7 млрд АҚШ долларына дейін 4,8%-ға артып, ал импорт 11,2 млрд АҚШ долларына дейін 6,5%-ға төмендеген.
Шетелдік тікелей инвесторлардың кірістері 2019 жылы 20,2 млрд АҚШ долларына дейін 1,0%-ға төмендеді. Бейрезиденттердің тікелей инвестициялардан түскен кірістерінің жартысынан астамы еншілес қазақстандық кәсіпорындарды қаржыландыруға бағытталды.
Қаржы шоты бойынша (Ұлттық Банктің резервтік активтерімен операцияларды қоспағанда) капиталдың таза әкетілуі 2019 жылы 3,0 есе қысқарып, 0,9 млрд АҚШ доллары болды.
Бұл ретте тікелей шетелдік инвестициялар бойынша капиталдың таза әкелінуі 5,6 млрд АҚШ доллары болды. Резиденттердің портфельдік инвестициялар бойынша шетелдік инвестицияларының 4,7 млрд АҚШ долларына, басқа инвестициялар бойынша 2,7 млрд АҚШ долларына таза өсім байқалды.