Алматыда үш оқушы суға батып кетті

Жарияланды
Олардың денелері мұзы жұқа қатқан су қоймасының түбінен табылған

Із-түзсіз жоғалған үш оқушы Алматыдағы су қоймаларанының біріне суға батып кеткен күйде табылған, деп хабарлайды Kursiv.kz. 

12-ақпанда үш бала із-түзсіз жоғалып кетті, олар сағат 13:00-де №184 мектепке кеткен, деп хабарлада алматылық волонтерлердің Instagram-дағы аккаунты.

13 –ақпанда құтқарушылар мен волонтерлердің іздеу тобы оларды өлі күйінде су қоймасынан тауып алды.

«Құтқару қызметтері Алатау ауданында жоғалған оқушыларды іздестіру шараларын тоқтатты. Өкінішке орай, Денис Мельников, Вадим Сизов, Сабыр Дүйсенғалиевтер қаза тапты. Жазым болған оқушылардың отбасылары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Полиция департаменті мен ТЖ қызметтеріне себептерді анықтау жөнінде арнайы топ құруды тапсырдым. Зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетеміз. Тергеу барысы менің жеке бақылауымда болады, деп жазды желіде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі Алатау ауданына қарасты  «Теректы» шағын ауданындағы су қоймасының жағалауынан жоғалып кеткен жеткіншектерге тиесілі мектеп рюкзактарының табылғанын хабарлады.

«Іздеуге республикалық жедел-құтқару отрядының суға жүзушілері қосылды. Олар бүгін (13-ақпанда) таңғы сағат сегізге қарай, балалардың денесін су түбінен алып шықты», – делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

 

Сондай-ақ оқыңыз