Өзбекстанда мемлекеттік тілде таңбаланбаған тауарлар сатылымға жіберілмейді
Жарияланды
Тек арнайы қаптамаға оралмаған тауарларға бұл ереженің қатысы жоқ
2020 жылдың тамыз айынан бастап, өзбек тілінде латын қарпімен таңбаланбаған кейбір тауарлар сәйкестік сертификатын ала алмайды. Өзбекстан президенті тиісті қаулыға қол қойды.
Өзбекстанда міндетті сертификаттаудан өтуі тиіс тауарлар қатарына: тамақ өнімдері, алкоголь, темекі, дәрі-дәрмект, бояу, лак, парфюмерия және т.б. кіреді. Бұл тауарларды Өзбекстан Республикасына мемлекеттік тілде таңбаланбаса да әкелуге және кедендік рәсімдеуге рұқсат етілген, алайда сатылымға тек сертификаты бар тауарлар ғана жіберіледі.
Бұған дейін «Курсив» Өзбекстанда QR-кодтың көмегімен тауар қадағалау жүйесін кезең-кезеңмен енгізілетінін жазған еді, осы жүйенің арқасында тұтынушылар өнім туралы толық ақпаратты біліп, өзін контрафактіден қорғай алады.