Қордайда полиция қызметкерлеріне күш көрсеткен үш жігіт қамауға алынды

Жарияланды
Үшеуі де кінәсін толық мойындаған

Жамбыл облысы, Қордай ауданының полиция қызметкерлеріне күш  көрсеткендерге қатысты іс бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды Бас прокуратура. 

Бұл оқиғаның видеосы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде таралып кеткен еді.

 «2020 жылдың 7 ақпанында Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сортөбе ауылында жол полициясы қызметкерлері рульде Л.Воингуй отырған «Хонда Одиссей» автокөлігін тоқтатқан. Көлік құжаттары болмағандықтан, Л.Воингуйға полиция бөліміне бару ұсынылыпған. Алайда, ол офицерлердің талаптарын орындамай, үйіне қарай бет алған және кейіннен ағалары А.Воингуй және М. Воингуймен бірлесіп полиция қызметкерлеріне күш көрсеткен», делінген хабарламада. 

Аталған факті бойынша Бас прокуратураның арнайы прокуроры Қылмыстық кодекстің 380-бабының 1-бөлігі (билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. 

Үш айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, тергеу соты оларды қамауға алған. 

 14 ақпан күні қылмыстық іс айыптау актісімен Қордай аудандық сотына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыз