Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық соты заңсыз қару-жарақ жасау және оны өткізумен айналысқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
Заңсыз айналымнан 8 «Калашников» автоматы, 2 «Макаров» пистолеті және оқ-дәрі алынды. Қару жасайтын цех жойылды.
Қылмыскер 2019 жылдың шілдесінде ұсталған. Дыбыспен әсер етіп, патронмен атуға арналған қару Қазақстанға Ресейден әкелініп, жасырын түрде жауынгерлік етіп қайта жасалған.
К.Дрейлингке ҚР ҚК 287-бабы, 4-бөлігі («Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») және 288-бабы, 2-бөлігі («Қаруды заңсыз жасау») бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалған.
Ю. Разин осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Р. Ибрагимов пен В. Завзин 3 және 4 жылға шартты түрде сотталды.