Жаңалықтар

2021 жылы Mall Aport East ашылады

Ол Құлжа күре жолының бойында салынады

Алматы қаласының шығыс жағында жалпы аумағы  – 120 мың шаршы метрді, инвестиция көлемі  $65 миллионды құрайтын екінші «Апорт» салынбақ. Бұл туралы баспасөз жиынында  Aport Mall  қожайындарының бірі, Eurasia RED бас директорының  инвестиция  және даму  жөніндегі   орынбасары  Дмитрий РЕВИН мәлімдеді. 

«Mall Aport East жобасының  алғашқы құрылыс жұмыстары басталған. Кешеннің аумағы  Aport  жүйесінің екінші моллы Halyk Arena  спорттық кешені мен  Алматының  халықаралық әуежайы аумағында салынбақ және  мегаполис меймандарын бірінші қабылдайтын  құрылым болмақ.  Mall Aport East –тің ашылуы  2021 жылдың көктеміне жоспарланған», – деліген Eurasia RED компаниясы таратқан хабарламада.

Халықаралық Colliers International Kazakhstan консалтингтік агенттігімен   Eurasia RED-тің бірлесе жүргізген зерттеулері  болашақ нысанның  қуатын көрсетеді:  бүгінде Aport Mall East  құрылысының радиусында 1,5 миллионнан астам  тұрғындар  тұрады. Ал, республиканың жетекші  құрылыс компаниялары  850 мың шаршы метрден астам тұрғын үй  салуда. Бұл құрылыс аумағының инфрақұрылымдық өзгерістері басталып та кетті, мәселен, «әуежай сақинасы»  жолайырығының құрылысы қолға алынды.     

Аталмыш жобаны  бүкіл әлем бойынша да, оның ішінде Орталық Азия  елдерінде де  архитектура, жобалау, дизайн салаларында қызмет көрсететін MB architects  халықаралық компаниясының ең үздік сарапшылары жобалаған.  

Mall Aport East – орталық-азиаттық  деволопмент үшін отбасылық демалыстың  айырықша  үлгісі:  жоба алаңдарының 35%-ы «ақылды демалысқа» арналатын болады,  50% -ы  сауда алаңдарына,  15  -ы мейрамханалар   мен  қызмет көрсету орындарына беріледі.  Жобаға  2,5 мың орынды тегін көлік тұрағы, үлкен «жасыл» жаяу жүргінші аймағы және Орталық Азиядағы  ең ірі  Funky Planet  отбасылық көңіл көтеру саябағы мен Қазақстандағы   ірі  фуд-молл (  80  fast, slow  және street food мейрамханалары бар) кірмек. 

Мұнда техника мен электрониканың   Технодом, Sulpak, Alser, Белый ветер, Beeline, Kcell сияқты ірі орталықтары орналасқан.  

  «Аport жаңа жобасы жергілікті деңгейде қаланың бүкіл ауданы үшін  заманауи  инфрақұрылымды қалыптастырады. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев»шеті жоқ қала» болуы керек деп тұжырымдаған», – дей айтып өтті Ревин. 

Eurasia RED-тің   девелопмент саласындағы  алғашқы жобасы  – Mall Aport West-ке   (Райымбек даңғылының бойында орналасқан) – 10 жыл ішінде   100 млн.-дай  адам келген.

Бұл моллға  бүгінде бір ай ішінде  миллионнан астам адам келеді. 

«Жұмыс істеп тұрған Mall Aport West жобасы  –  бұл тек  әйгілі халықаралық брендтер ғана емес,  сонымен бірге отбасылық демалысқа арналған үлкен аумақ та. Біздің меймандарымыздың көпшілігі әлемдік деңгейдегі бес  аспаздық    гастрономияның аралас  кеңістігін  көрді. Көп қонақтар Hawaii  және  Miami Aquapark & SPA аттракциондары бар  маусымаралық  судағы сауық кешендерін тамашалады, ал Funky Town  және  Funky World  көңіл көтеру  саябақтары балалардың сүйікті  орнына айналды».   

Құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне  орай Eurasia RED  алматылықтар үшін  ағаш көшеттерін  отырғызудың  Aport Oxygen жаңартылған  экологиялық бағдарламасын  жариялады. Келешекте бұл бағдарлама  Қазақстанның басқа өңірлеріне де таралуы мүмкін.