Шымкент маңындағы әскери бөлімнен қашқан сарбаз ұсталды

Жарияланды
Қазіргі сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

Әскери бөлімнен қашып кеткен кіші сержант Абылай Балғынбай ұсталды, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі. 

«ІІМ мен ҰҚК қызметкерлерінің арнайы жедел тобы қару ұрлап, әскери бөлімді рұқсатсыз тастап кеткен әскери қызметкер 1995 жылы туған Балғынбай Абылай Бағдатұлын ұстады»,– делінген хабарламада.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 291 бабы, яғни, «қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды ұрлау немесе бопсалу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. 
 

Сондай-ақ оқыңыз