ICE биржасында мұнай арзандады
Жарияланды
Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 57 доллардан төмендеді
Brent маркалы мұнай фьючерсінің құны Лондонда ICE биржасында бір баррель үшін 2,7%-ға, яғни $56,38-ге дейін төмендеді. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазады.
Бұндай баға соңғы рет 14 ақпан күні қалыптасқан.
Ал WTI маркалы мұнай бағасы 2,6 пайызға арзандап, барреліне $51,97 деңгейінде қалыптасты.