Инвестиция

ICE биржасында мұнай арзандады

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 57 доллардан төмендеді

Brent маркалы мұнай фьючерсінің құны Лондонда ICE биржасында бір баррель үшін 2,7%-ға, яғни $56,38-ге дейін төмендеді. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазады. 

Бұндай баға соңғы рет 14 ақпан күні қалыптасқан.

Ал WTI маркалы мұнай бағасы 2,6 пайызға арзандап, барреліне $51,97 деңгейінде қалыптасты.