Diamond Princess лайнеріндегі қазақстандықтар өткен сенбіде елге оралды, олар 14 күн карантинге жатқызылды, деп хабарлайды Интерфакс агенттігі.
«Олар сенбі күні таңғы сағат алтыда SCAT әуе компаниясының Токио – Нұр-Сұлтан бағытындағы рейсімен елге оралды», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.
Бұған дейін Diamond Princess лайнеріндегі қазақстандықтардың бәрі жерге түсіп, тест тапсырғаны хабарланған. Тест теріс нәтиже көрсеткен.