Бас прокуратурада тексеріс жүреді

Жарияланды
«Жеке деректер жарияланды» деген ақпаратқа қатысты

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Бас прокуратурада ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуына қатысты тексеріс жүргізеді. Бұл туралы министрліктің ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Руслан Әбдіқалықов хабарлады, деп жазады Интерфакс-Қазақстан.  

«Жақында біз жеке деректердің жариялануына қатысты Бас прокуратурада тексеріс жүргіземіз. Қандайда бір қорытындыны тексеріс нәтижесіне байланысты жасаймыз: расымен де деректер жарияланды ма, әлде Бас прокуратурада ақпаттық қауіпсіздік саласында ө-қандай да бір заңсыздыққа жол берілді ме?», – деді Әбдіхалықов. 

Бұған дейін кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы Бас прокуратураның ақпараттық жүйесінен жеке деректердің жалпыға жарияланып жатқанын хабарлаған еді. 

Орталық мамандарының айтуынша, әкімшілік іс қозғалған ҚР азаматтары мен шетелдіктердің жеке басына қатысты деректері  желіге тарап кеткен. 

Сондай-ақ оқыңыз