Қазақстанда пойыз билеттері тағы да қымбаттайды

Жарияланды (жаңартылды )
Билет бағасы 7 пайызға өседі

5 наурыздан билет бағасы 7 пайызға қымбаттайды деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі. 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушы шығындарын ұзақ мерзімді субсидиялау шарттарына» сәйкес 2020 жылғы 05 наурыздан бастап облысаралық қатынас бойынша қатынайтын барлық әлеуметтік маңызы бар пойыздарға тарифтің 7%-ға көтерілгені туралы хабарлайды», – делінген хабарлама.

Бұған дейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшысы темір жол билеттері алыпсатарлардың қолына түсуі мүмкіндігін жоққа шығармайтыны жазылған еді. Қазіргі билет сату жүйесі алыпсатарлықтың алдын ала алмай тұр. 
 
 

Сондай-ақ оқыңыз