Биыл Қазақстан өзендеріндегі ылғалы қоры нормадан жоғары болып тұр. Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.
«Қазгидрометтің мәліметтері бойынша, биыл Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарындағы өзендеррде, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Түркістан және Жамбыл облыстарының тау өзендерінің бассейндеріндегі ылғал қоры орташа көпжылдық мөлшерден жоғары», – деді Тұрғымбаев.
Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Ақмола облыстарында су қоймалары толып тұрғандықтан, жағдай қиындап кетуі ықтимал.
Министрдің айтуынша, су тасқынның астында қалуы мүмкін 609 елді мекен мен 675 жол учаскесі анықталған. Бұл жерлерден 8,8 млн текше метрден астам қар шығарылып, жанар-жағармай мен инертті материалдар, жарылғыш заттар қоры дайындалған.
Төтенше жағдайларға арналған қордан 34,4 млрд теңге қарастырылып отыр,
«Су тасқыны болып, тұрғындарды көшіру керек болса, эвакуацияланған халықты қабылдайтын 1707 пункт дайындалды, эвакуациялау бағыттары жаңартылды. Әкімдіктер қажетті азық-түлік және ауыз сумен қамтамасыз етеді. Жалпы саны 9 мың адам және 1730 бірлік техникадан тұратын ІІМ күштері мен құрал-жабдықты сайлап қойдық», – деп түйіндедіТұрғымбаев.