Жаңалықтар

Қазақстандықтар қаңтар айында интернетте 1,2 трлн теңгеге сауда жасаған

Бұл былтыр қаңтар айындағы көрсеткіштен 2,7 есе жоғары

2020 жылдың қаңтарында ҚР аумағында жасалған қолма-қол ақшасыз карточкалық төлемдер көлемі 1 586,9 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7 есе артқан. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы жасаған шолуда осындай деректер келтіріледі.

Желтоқсанмен салыстырғанда қаңтар айында сауда-саттық  17%-ға төмендеген,  бұл маусымдық фактордың әсерімен және ұзақ жаңа жылдық мерекелерге байланысты болуы мүмкін.

«Сонымен қатар, қаңтар айының қорытындысы бойынша ҚР аумағында карточкалар бойынша төлемдердің жалпы көлеміндегі Алматы қаласының үлесі өзгерген жоқ және 35%-ды құрады. Одан әрі Нұр-сұлтан қаласы – 17% (-1%), Түркістан облысы және Шымкент қаласы – 7%», – делінген шолуда.

Карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемінің банкоматтардағы қолма-қол ақшаны алуға қатынасы қаңтарда 123%-дан 139%-ға дейін өсті, бұл қолма-қол ақшасыз төлемнің банкоматтардағы қолма-қол ақшаны алудан басым болуының тұрақты үрдісі екенін көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың қаңтар айында бұл көрсеткіш 48%-ды құрады. Бұл жағдайда операциялардың жалпы көлеміндегі қолма-қол ақшасыз транзакциялардың үлесі (қолма-қол ақшасыз төлем және банкоматтардан алу) 55%-дан 58 -ға дейін өсті.