Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүкіл әлемге тарап жатқан коронавирустан қорғану мақсатында жан-жақты шараларды қолға алуды тапсырды. Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter-де жазды.
«Коронавирустың бүкіл әлемге таралуы аса қауіпті. Үкіметке азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында мемлекеттік мекемелер мен шаруашылық нысандардың қызметіне нұқсан келмейтіндей жан-жақты шаралар қабылдау тапсырылды»,- деді мемлекет басшысы.
Айта кетейік, қазіргі кезде коронавирус инфекциясын әлем бойынша 83 мыңнан аса адам жұқтырып, 36,5 мың адам аурудан емделіп шыққан. 2856 кісі көз жұмды.