Қазақстан өз азаматтарын Кореядан әзірге әкелмейді

Жарияланды
Сыртқы істер министрлігі эвакуациялау мәселесінің бағыттарын қарастыруда

«Қазақстан Оңтүстік Кореяда коронавирус шықса да,  сол елде жүрген азаматтарын әзірге эвакуацияламайды» – деп хабарлады, Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров.

  Брифингте сөз алған ресми өкіл Айбек Смадияров «Біз әзірге азаматтарды эвакуациялаудың басқа да алгоритімдерін қарастырып жатырмыз», – деді.

Оның айтуынша, коронавирус шыққан елдерде дипломатиялық өкілдіктер қатаңдатылған тәртіпке көшкен. Яғни, сол елдегі елшілеріміз  Қазақстан азаматтарының консулдық есепке тұруын әлеуметтік желілер арқылы ескертіп жатыр. 

Осыған дейін Оңтүстік Корей елінде 800 -дей Қазақстан азаматы консулдық есепке тұрған. Бүгін де олардың саны 1500 адамға жеткен. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше,  35 мыңнан астам Қазақстандықтар шетте жүр.

«Қазір  басқа елдерге қатынау әуе рейістері шектелгендіктен, эвакуация мәселесі әлі күрделі болып тұр», – деп сөзін аяқтады ресми өкіл.

Сондай-ақ оқыңыз