Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметкерлердің мереке күндерінде демалуға қатысты үкіметке тапсырмасын өзінің Тwitter парақшасында жариялады.
«Үкіметке және Президент Әкімшілігіне мереке күндеріне қатысты өолданыстағы тәртіпті қайта қарауды тапсырдым. Егер мейрам күні жексенбіге сәйкес келсе, келесі күн демалыс болып саналады. Келесі күн (дүйсенбі) барлық мемлекеттік қызметшілер үшін жұмыс күні болуы тиіс », – деп жазды.
Естеріңізге сала кетсек президент бірнеше күн бұрын Нұр-Сұлтан қаласында халықаралық әйелдер мерекесіне жоспарланған ресми шаралар мен концерттерге шектеу қойған еді.