БТА банкінің бұрынғы топ-менеджері БАӘ-ден елге экстрадицияланды

Жарияланды
Оған 250 миллион долларды жымқырғаны үшін іздеу салынды

БТА банкінің бұрынғы басқарушы директоры Рустам Ибрагимов Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Ибрагимовке БТА банкінің ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері Мұхтар Аблязовпен бірлесіп , 250 миллион доллар сомасындағы активтерін ұрлағаны үшін іздеу салынды», – делінген хабарламада.

Департамент қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін ол  Біріккен Араб Әмірліктерінде  Қырғызстан азаматының жалған төлқұжатын пайдаланып жасырынғанын мәлімдеді.

«Қазақстандық құқық қорғау органдарының араб және қырғыз әріптестерімен келісілген жұмысының арқасында және БАӘ-дегі Қазақстан елшілігінің көмегімен төлқұжат заңсыз деп танылды, оған қатысты тұлға ұсталып, кейіннен Қазақстан Республикасына берілді», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Ибрагимов Алматының тергеу изоляторына қамалды .

Сондай-ақ оқыңыз