Ақмола облысында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресейден қару-жарақ пен оқ-дәрілерді жеткізуді ұйымдастырумен айналысатын этникалық қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды агенттіктің сайты.
27 ақпанда арнайы күш-құрылымдары арнайы операция барысында трансұлттық қылмыстық топтың мүшелерін құрықтады. Олар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жалпы алғанда, ұлттық қауіпсіздік органдарының көп сатылы жедел іздестіру барысында контрабанда ұйымдастырушыларынан 11 Макаров тапаншасы және 1300-ден астам патрон тәркіленді.
Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр