Жаңалықтар

Brent бағасы рекордтық деңгейге құлады

ОПЕК+ кездесуінен кейінгі жағдай

 «Сәуір айындағы Brent маркалы мұнайға фьючерстерінің бағасы 4,19% төмендеп, 15: 45 баррелі үшін 47,92 долларды құрады, деп хабарлайды ICE. Тәуліктің ең төменгі көрсеткіші 47,01 долларды құрады. Мұндай деңгейдегі мұнай 2017 жылдың 11 шілдесінде саудаланған еді»,- деп жазады РБК.

5 наурызда ОПЕК министрлері кеңейтілген ОПЕК + жиынында  мұнай өндіруді  биыл тәулігіне 1,5 миллион баррельге дейін азайтуды ұсынатындарын мәлімдеді. Осыған қарамастан, ресейлік тарап бұл ұсынысқа әлі келіскен жоқ. Мүмкін, мұнай өндірісін қосымша төмендетуге баруға дайын емес, деп мәлімдеді Nordea Bank.

 Белгісіздік мұнай бағасына қысым жасайды. Егер ОПЕК + елдері өндірісті қосымша төмендету туралы келіссе, бұл барреліне 50 доллардан асатын бағаны қайтаруы мүмкін.