Жаңалықтар

DAZN «Канелоға» үш жекпе-жек үшін 365 миллион доллар ұсынды

Сауль Альварестің қарсыластарының бірі Геннадий Головкин болуы тиіс

Танымал мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альвареске DAZN компаниясы жекпе-жекке үш мәрте шығуы үшін бақандай 365 миллион долларға бағаланатын келісімшарт ұсынды.

Келісімшартқа сәйкес Альварес белгілі боксшы Геннадий Головкинмен жұдырықтасуы керек. Бұл жекпе-жекті DAZN стримингтік платформасы 12 қыркүйекке жоспарлап отыр. Өйткені, күз айының басында жұдырықтасу телетрансляциясын тиімді сатуға мүмкіндік зор екен. 

«Канело» – GGG арасындағы жұдырықтасу Лас-Вегас қаласында өтуі мүмкін. Себебі, боксшылар бұған дейін де сол қалада кездескен. 

Мексикалық боксшы Сауль Альварестың «келісімшарты» бойынша мамыр айына дейін ең алғашқы қарсыласы Билли Джо Саундерс болуы керек.

 Ал Канелоның үшінші қарсыласы Риот Мурат. Олардың боксы желтоқсан айында Жапония елінде өтпек.

Еске сала кетейік, Альварес пен Головкин осы уақытқа дейін рингте екі мәрте кездескен. Алғашында екеуі тең түссе, кейінгі жекпе-жекте төрешілер жеңісті «Канелоға» берген.