Инвестиция

Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлем көлемі үш есе артты

Ол айына 1,6 трлн теңгені құрады

 Өткен жылмен салыстырғанда Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлем көлемі 2020 жылдың қаңтарында  2,7 есе асып, айына 1,6 трлн теңгені құрады. Интернет және ұялы банкинг арқылы бір транзакцияның орташа сомасы 16 мың теңгені құрайды. Бұл туралы Finprom.kz хабарлады.

Ағымдағы жылдың қаңтар айындағы қолма-қол ақшасыз төлем сомасы 2016 жылдың 12 айының мөлшерінен асып түсті.

Жалпы, 2019 жылы елдегі қолма-қол ақшасыз төлемдер жасау  көлемі жылына 2,4 есе өсіп, 13,3 трлн теңгені құрады (2018 жылы – 5,5 трлн теңге). Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметі бойынша, 2019 жылы 96,4 мың кәсіпкер 134,5 мың сауда нүктелеріне 161,7 мың POS-терминалды орналастырған. 2018 жылмен салыстырғанда кәсіпкерлер саны 17%-ға, сауда орындарының саны 22%-ға, POS-терминалдар  бірден 27%-ға өсті.

mailservice_14.png
 Қаңтар айында қолма-қол жасалмайтын төлемдердің ең үлкен көлемі интернет және ұялы телефон арқылы жүзеге асырылды. Оның көлемі – 1,2 трлн теңге. Сондай-ақ, жалпы көлемнің 74,3%-ды құрап,  жыл ішінде төлемдер 3,3 еседен астам өсті. Жалпы, 2019 жылы бұл сома 9,7 трлн теңгені құрады.  Интернет және ұялы телефон арқылы жасалған бір операцияның орташа сомасы 15,7 мың теңгені құрайды.

POS-терминалдар арқылы жүргізілген қолма-қол ақшасыз төлемдер сомасы 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 81,2% өсіп, 392.3 млрд. Теңгені құрады.

Банкоматтар арқылы қолма-қол жасалмайтын төлемдер сомасы өз кезегінде бір жыл ішінде 3,8% төмендеп, 14.9 трлн теңгені құрады .

mailservice (1)_12.png