«Қазмұнайгаз» компаниясы да қызметкерлерінің іс-сапарларын шектеді
Жарияланды
Оны компания коронавируспен байланыстырды
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. Кездесуде Айдарбаев компанияның қызметкерлерінің шетелдік іс-сапарлары шектеулі екенін айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Оның айтуынша, індеттің салдары өндірістіке кедергі жасамас үшін алдын-алу шаралары кеңселерінде де жүргізілген. Сонымен қатар, Айдарбаев ұлттық мұнай-газ компаниясының 2019 жылға арналған қызметінің қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған даму жоспарлары туралы айтты.
Мемлекет басшысы вирустың таралуын өндіріс процесіне және инвестициялық жобаларды іске асыруға теріс әсер бермеуі үшін шаралар қабылдауды тапсырды.