Медведев Нұр-Сұлтанда Тоқаев, Назарбаев және Мәсімовпен кездеседі

Жарияланды
Олар Қазақстан-Ресей қатынастарын талқылайды

Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Нұр-Сұлтанға келді. Екі ел басшылығымен екіжақты қатынас, оның ішінде қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады.  Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Медведев  Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімовпен кездеседі деп жоспарланған.

«Кездесулер барысында  Медведев Ресей-Қазақстан қатынастарын, оның ішінде қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды», – деді РФ Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасы орынбасарының хатшылығы.

Сондай-ақ оқыңыз